Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения17481992
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 16781 43066 114898 17154813 401943 426494 17481992 Ваш IP: 3.144.84.11
Время: 2025-04-25 17:09:25
|
Оқушылар сарайында біріңғай әдістемелік күн өтті
Ағымдағы жылдың 29 наурызында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Педагогикалық ойлар мен технологиялардың инновациялық кеңістігінде педагогтың өз жолын анықтауы» атты әдістемелік күн өтті. Іс шараға облысымыздың қала мен аудандарының білім беру мекемелерінен тарих, география пәні мұғалімдері, оқу ісі жөніндегі директорлардың орынбасарлары, мектеп кітапханашылары қатысты. Әдістемелік күннің барысында Оқушылар сарайының әдіскерлері мен педагогтары латын қаріпіне көшу, мұражай педагогикасы, танымал тұлғалар, мектептегі білім беру кеңістігінің медиаорталығы, Павлодар Ертіс өңірінің қасиетті жерлері бойынша шеберлік-сыныптар өткізді. Сонымен қатар ұстаздар жуырда ғана ашылған «Рухан жаңғыру» кабинетінде экскурссияда болып, тың ақпарат алды. Шараның қортындысында әдістемелік күннің өзектілігі мен іс жүзінде берілген тәжірибесі зор екені анықталды. |