Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Дополнительная информация 

Наши посещения 

7760694
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
2426
3140
2426
7571751
185476
171023
7760694

Ваш IP: 18.232.177.219
Время: 2022-06-27 14:23:39

«Алтын қазына» облыстық көрмесінің жеңімпаздары анықталды

«Алтын қазына» облыстық көрмесінің жеңімпаздары анықталды «Алтын қазына» облыстық көрмесінің жеңімпаздары анықталды
«Алтын қазына» облыстық көрмесінің жеңімпаздары анықталды «Алтын қазына» облыстық көрмесінің жеңімпаздары анықтады«Алтын қазына» облыстық көрмесінің жеңімпаздары анықталды

М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында Павлодар облысы Білім беру басқармасының жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Алтын қазына» сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрмесі өтті.

Аталмыш шараға 11-17 жас аралығындағы, 44 білім мекемесінен, 248 жұмыс қабылданып, 217 қатысушы көрмеге өз қолымен жасаған жұмыстарымен қатысты. «Алтын қазына» көрмесіне 8 номинация бойынша жұмыстар қабылданды. Олар «Тоқыма бұйымдарын өндіру» номинациясына - тігу, батик, гобелен, тоқу, сәндік ойыншық, макраме, былғары, бисерден жасалған сәндік бұйымдар болды. Ал «Ағашты көркем өңдеу» номинациясы бойынша – көлемді және тегіс ою, рельеф, ағашқа жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдарды көрмеден табуға болатын еді. Сонымен қатар бұл көрмеде он саусағынан өнер тамған оқушылар «шыныны көркем өңдеу», «металды көркем өңдеу», «ұлттық ойыншықтарды жасау», «ұлттық нақышты пайдалана отырып, ұлттық киім тігу», «қағаз өнімдерін өндіру», «бейнелеу өнері» номинациялары бойынша бақтарын сынады.

«Алтын қазына» көрмесінің басты ерекшелігі байқауға қатысып, жүлделі атанған шебер оқушы 2018 жылдың қараша айында Республикалық көрме-байқауына жолдама алады.

 

Көрме - байқаудың қортындысы

Добавить комментарий