Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24402303
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 4850 8002 4850 24148758 186223 527623 24402303 Ваш IP: 216.73.217.39
Время: 2026-10-12 08:58:04
|
Педагогтар кәсіби біліктілігін арттыруда
2018 жылдың 1-9 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагог мамандар үшін «Қосымша білім беру жағдайында оқушы тұлғасының әлеуметтенуі» тақырыбы бойынша республикалық біліктілікті арттыру курсын өткізуде.
Қосымша білім беру мәселелерін талқылауға Алматы қаласы, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарынан 70-тен астам педагогтар белсенді қатысады. Курс тыңдаушыларын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ақпараттық-аналитикалық бөлімінің басшысы Казарина Татьяна Всеволодовна, Павлодар облысының білім беру басқармасының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы Таджикова Жанар Ануарбековна алғы сөзбен қарсы алды. Курс тыңдаушыларына лекцияларды С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің, ПМПУ, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің тәжірибелі оқытушылары оқиды, ал практикалық сабақтарды «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының оқытушылары жүргізеді. |














