Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Дополнительная информация 

Наши посещения 

7784509
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
261
3109
261
7602026
10926
198365
7784509

Ваш IP: 44.201.94.72
Время: 2022-07-04 02:14:23

Абайтанушы Даниял Асеновпен кездесу өтті

Абайтанушы Даниял Асеновпен кездесу өтті Абайтанушы Даниял Асеновпен кездесу өтті
Абайтанушы Даниял Асеновпен кездесу өтті Абайтанушы Даниял Асеновпен кездесу өтті

8 ақпан күні Оқушылар сарайында қоғам қайраткері, абайтанушы Даниял Асеновпен кездесу өтті. Павлодар өңірінде Даниял Асеновты «Біздің Абай» деп таниды. Себебі, ол кісі соңғы отыз жылдай мерзім ішінде халық арасында, әсіресе жастар арасында Абайдың, Шәкәрімнің, Мағжанның, Мәшһүр Жүсіптің, Сұлтанмахмұттың шығармашылықтарын және ауыз-әдебиет үлгілері «Қыз Жібек», «Қобыланды» дастандарын жатқа айтып отырады.

Даниял аға жиналған жұртшылыққа Абайдың қара сөзін, «Қыз Жібек», «Қобыланды» жырларын жатқа оқыды. Даниял Асеновтың айтуынша Абай шығармашылығымен айналысуға түрткі болған Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында Елбасының ЮНЕСКО-да Абайдың 150-жылдығын тойлау туралы ұсынысы болды. Барған елді-мекендерде, қалаларда өз білімі мен өнерін жастар алдында көрсетіп, насихаттап жүреді. Мысалы, Астана қаласы әкімдігінің шақыруымен бірнеше күннің ішінде қаланың 25 мектебін аралап, оқушылар және ұстаздармен кездесу өткізді. Сонымен қатар биылғы жылы «Рухани жаңғыру» Бағдарламасы аясында «Абай ауылға келді» бағдарламасымен облыстың қалалары мен аудандарын аралап, Абайдың шығармашылығын жұртшылыққа одан әрі таныстырды.

Шараға Павлодар қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия интернатының оқушылары мен ұстаздары, Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері мен педагогтері қатысты. Сонымен қатар кездесуге Алматы қаласынан қаламызға жұмыс сапарымен келген «Қазақстан» арнасының тілшісі Назерке Елшібаеа қатысты. Тілші Даниял ағадан сұхбат алыды. Оқушылар сарайы бойынша «Қазақстан» арнасының ұжымына экскурссия жүргізілді.

Даниял аға жуырда елімізде «QAZAQ EPOS» қоғамдық қоры «Қобыланды батыр» жырын жатқа айтудан оқушылар арасында республикалық байқау өткізілетінің айтып өтті.

- Құрметті балалар, егерде сендер, Абайдан қалған өсиет пен ақылын орындасаңдар, егемен еліміз көркейіп, болашақтарын жарқын болмақ, - деді Даниял Асенов.

Добавить комментарий