Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

ekran diktor rus

KPLeto2 rus

amanat rus

gossimv 23 2

polojeniya 23 rus 2

mindal rus

raspisanie 26 27 rus 1

proekt 23 rus

BIRTUTAS TARBIE

bala time kaz

map

antikor

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

 

 

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

24634344
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
2784
5544
29352
24370444
42457
375807
24634344

Ваш IP: 216.73.216.179
Время: 2026-11-06 08:52:00

"Жас Ұлан" облыстық штабының қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетті

"Жас Ұлан" облыстық штабының қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетті "Жас Ұлан" облыстық штабының қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетті
"Жас Ұлан" облыстық штабының қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетті "Жас Ұлан" облыстық штабының қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетті

26 наурыз күні М.Катаев атындағы оқушылар сарайының "Жас Ұлан" облыстық штабының қызметкерлері Аққулы ауданына әдістемелік көмекпен барып қайтты. Бұл шараны Оқушылар сарайының педагогтары екінші рет өткізіп отыр.

"Жас Ұлан" облыстық штабының қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетті "Жас Ұлан" облыстық штабының қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетті
"Жас Ұлан" облыстық штабының қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетті "Жас Ұлан" облыстық штабының қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетті

Педагогтарға, тәлімгерлер мен "Адал ұрпақ" клубының жетекшілеріне, "Жас Ұлан" ұйымы көшбасшыларына әріптестік көмек көрсету, тәжірибе алмасу мақсатын көздеген делегация құрамында алты әдіскер болды. Олар "Тиімді көшбасшылық шеберханасы" тақырыбы аясында "Құқықтық тәрбие беру шеңберінде мектепте құқықтық кеңістікті құру", "Табысқа жетудің жеті қадамы», "Тапқыр болсаң, озып көр", "Ресми ақпарат бейресми форматта", "Мамандық таңдаймын", "Мен құқылымын" сынды тренингтер мен шеберлік сабақтарын 100-ге жуық балаға өткізді.

Аудан мектептерінен жиналған шәкірттер өзі қалаған секцияға қатысып, біліктілігін арттырды. Ал 1,5 сағатқа созылған параллельді сабақтардан соң, оқушылар табыс баспалдағындағы өз орнын көрсетіп, тренерлерге кері байланыс ұсынды. Сонымен қатар делегаттар Аққулы ЖОББ мектебінде ғана бар мұражайды тамашалап, оқушылар жасаған инттелектуалды аллеяны аралады.

Қазіргі таңда, аталған мектепте 400-ден аса бала білім алады.

- Бүгінгі әдістемелік күн мектеп оқушыларының көңілдерінен шықты. Оларға жас тілшілер мектебі, құқық сабақтар қатты ұнап, болашақ мамандықтарына жол таңдады, - дейді «Жас Ұлан» облыстық балалар-жасөспірімдер ұйымының аймақтық хатшысы Самал Сүлейменова.

Добавить комментарий