Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения17688063
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 14156 15684 99713 17356200 139542 468472 17688063 Ваш IP: 3.135.183.46
Время: 2025-05-11 23:43:28
|
Археологиялық пайдалы қазбалар оқушылардың қолында
«Рухани Жаңғыру» кабинетінде 15 мамыр күні Қазақстанның танымал археологы, «Алтын адамды» ашқан Кемал Ақышевтың 95 жылдығына арналған «Табысты археологтың жетістіктері» атты ақпараттық сағат өтті. Кемал Ақышев – ғұлама ғалым, құпиясы мол тарихқа жауап іздеген адам. Ол археология саласын өз өмірін арнады, бұл сала арқылы Кемал Ақышев танымал атанды. Ғалымды шынымен табысты адам деп айтуға болады, себебі оның басшылығымен әлемдік тарихқа аты шыққан ескерткіштер табылып, Қазақстан әлемге әйгілі болды.
Бұл сабаққа «Samrug Company PV» орталығының директоры Лампартер Э.Э. және №18 ЖОМ-нің тарих пәнінің мұғалімі Муканов А. С. болған еді. Олар ғұлама археологтың өмірі мен қызметіне терең тоқталды. Кемал Ақышевтың қызметі туралы оқушыларға фильм көрсетілді. №7 және №42 ЖОМ-нің оқушылары орта ғасырдың, Алтын орданың, Ресей империясының, 19 ғасырдағы Италия елінің тиындарын және Скиф-Сақ дәуірінің қола жебесінің ұштығы және басқа артефакттарды өз қолдарымен ұстап көрді. - Бұл кездесу танымдық болды. Оқушылардың қызығушылықтары артып, кейбір балалар болашақта өз өмірлерін археология саласымен байланыстырғысы келді, -деді әдіскер Бахыт Беккожина. |