Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12942200
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
34
14147
14181
12665085
260653
375712
12942200

Ваш IP: 3.133.119.66
Время: 2024-04-30 00:09:56

Адам суретші болып туады

Художником надо родиться Художником надо родиться
Художником надо родиться Художником надо родиться

2019 жылдың 2 қазан күні Оқушылар сарайының «Рухани жаңғыру» кабинетінде суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының суретшілер академиясының академигі, «Кұрмет» орденінің иегері Қабдыл-Ғалым Каржасовтың 65-жылдығы атап өтілді.

«Палитра» және «Сымбат» бейнелеу студиялары мен Павлодар қаласының №13 ЖОМ-нің оқушылары атақаты суретші, біздің жерлесіміз Қабдыл-Ғалым Каржасовтың өмірі және шығармашылыымен танысты.

Художником надо родиться Художником надо родиться
Художником надо родиться Художником надо родиться

Қабдыл-Ғалым Каржасов Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылында дүниеге келген. Н. В. Гоголь атындағы Алматының көркемөнер училищесін бітірген. Ол қазақ халқының қолөнері мен дәстүрлеріне негізделген суретшілік табиғи дарынға ие болып, пластикалық және бейнелеу өзіндік жүйесінде стилін дамытқан. Суретшінің көптеген еңбектері А. Кастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, Павлодар, Семей, Атырау, және Қарағанды өнер мұражайларында ұсынылған.

Кездесудің құрметті қонағы павлодарлық суретші, портретші, дизайнер-модельер, режиссер Галина Яковлевна Беспалова болған еді. Беспалова - суретші-декоратор, «Мангышлак» жобасының костюмері (ойын фильмі, 2016–2017 жылы Павлодар қаласында түсірілген). Ол кісінің жұмыстары Қазақстан, Ресей, Беларуссия, Германия, Франция, Турция, Израиль, АҚШ-та көрмелері бар. Қаламыздың атақты адамдарының портреттерін салғаны үшін Павлодар әкімінің сыйлығына ие болды. 2016 жылы Астана суретшілер одағының «Құрмет» төсбелгісіне ие болды.

Галина Яковлевна өзінің шығармашылық жұмыстарымен таныстырып, Павлодар қаласының бейнесуреттерін көрсетті. Жас суретшілер ол кісінің туындыларына қызығушылығын білдіріп, сұрақтар қойды.

- Адам баласы суретші болып туады! Өмірді, адамдарды, қоршаған ортаңызды сүю керек, өз жұмыстарыңызды жақсы істеу керек. Сонда сіз табысқа жетесіз, - деп Галина Беспалова жас суретшілерге сәттілік тіледі.

- Бүгін балалар Қабдыл-Ғалым Каржасовтың өмірі және шығармашылық жолымен танысты. Ол ұлттық нақышта сурет салатын шебер болған. Ол туған халқының тарихын өте жақсы білген, қазақ руларының шежіресін жақсы білетін. Сонымен қатар Галина Беспалова Қабдыл-Ғалым Каржасовты есіне алып, суретші туралы айтып берді, - деп өз ойымен бөлісті әдіскер Асем Аипова.

Добавить комментарий