Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

13007858
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
78
9263
28333
12771777
60656
265655
13007858

Ваш IP: 3.144.48.135
Время: 2024-05-09 00:20:24

Оқушылар сарайындағы күзгі каникул

Осенние каникулы во Дворце Осенние каникулы во Дворце
Осенние каникулы во Дворце Осенние каникулы во Дворце

Күзгі каникул кезінде М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында Павлодар облысының оқушылары қонақта болды. Екібастұз қаласының №23 ЖОМ-нің және «Дизайн-Pro» өнер және шығармашылық мектебінің оқушылары, Павлодар қаласы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының, Железин ЖОМ-нің, Ертіс ауданы Ұзынсу ЖОМ-нің оқушылары астрономиялық бөлімде, планетариде, «Рухани жаңғыру» кабинетінде, «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» мұражайында балалар технопаркінде, ақпараттық-диагностикалық бөлімде болды.

Осенние каникулы во Дворце Осенние каникулы во Дворце
Осенние каникулы во Дворце Осенние каникулы во Дворце

Ертіс ауданы Ұзынсу ЖОМ-нің 3-5 сыныптарының оқушылары қазақ халқының әйгілі ақыны, философ – гуманист, композитор Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған «Абай әлемі» атты әдеби саяхатына қатысты.

«Қайнар» балалар кешенінің медиа-орталығының жас тілшілері үшін Оқушылар сарайының педагогтары тележурналистика және балалар журналистикасы бағыттары бойынша шеберлік-сыныптарды жүргізді. Балалар тек танымдық ақпарат алып қоймай, «Луч» шығармашылық бірлестігінің әріптестерімен танысты.

Эстетикалық тәрбие беру бөлімінің педагогтары «Чудеса из глины», «Точечная роспись», «Батик», «Оттиск на ткани с применением восковых карандашей» атты шеберлік сыныптарды «Дизайн-Pro» өнер және шығармашылық мектебінің оқушылары үшін жүргізді.

Оқушылар жаңа техникамен танысып, өздерінің қолөнері шығармашылық қоржындарын жаңа жұмыспен толықтырды.

Қаламыздың ең кішкентай мектеп оқушылары үшін «Көңілді ойындар», ал жоғары сынып оқушылары үшін «Би өрімдері» өтті. Оқушылар сарайының «Калейдоскоп» театр студиясының әртістері үлкен сахынада «Принцесса» және «Пеппи длинный чулок» атты қойылымдарын көрсетті.

«Жас Ұлан» көшбасшылары үшін «Денсаулық және мамандық таңдау» атты тренинг өтті.

Добавить комментарий