Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Дополнительная информация 

Наши посещения 

7770166
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
4421
3654
11898
7571751
194948
171023
7770166

Ваш IP: 34.239.167.149
Время: 2022-06-29 19:40:25

Қысқы қызықты демалыс

Қысқы қызықты демалыс Қысқы қызықты демалыс
Қысқы қызықты демалыс Қысқы қызықты демалыс

Қысқы демалыс мезгілінде 9 қаңтар күні Облыстық Оқушылар сарайының «Рухани жаңғыру» кабинетінде «Ұлы даланың ұландары» атты интеллектуалды сайысы өткізілді. Сайыстың басты мақсаты оқушыларға қазақ халқының тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттау, патриоттық тәрбие беру.

Қысқы қызықты демалыс Қысқы қызықты демалыс
Қысқы қызықты демалыс Қысқы қызықты демалыс

Сайысқа Павлодар қаласының Қалижан Бекхожин атындағы мектебінің «Алаш» тобы, №2 ЖОББМ-нен «Көшпенділер» тобы, №7 ЖОББМ-нен «Достық» тобы қатысты.

Сайыс жеті кезеңді қамтыды. Командалар өз топтарын таныстырып, ұлы даланың жеті қыры бойынша сұрақтарға жауап берді, арнайы дайындалған карточкалардан ұлттық ат-спорт ойындарын таба білді. Ойынның «Кім жылдам» кезеңінде «Ұлы даланың есімдері» бойынша білімдерін кеңейтті, ал «Сандар сөйлейді» кезеңінде егемен еліміздің тарихына, айтулы даталар бойынша сқрақтарға жауап берді. Сайысқа қатысушылар жергілікті ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын зерделеп мерейтой иелерімен танысты. «Өнер алды – қызыл тіл» кезеңінде мақал-мәтел жарысынан үздік білімдерін көрсетті.

Әділ-қазылардың шешімі бойынша бірінші орынды Павлодар қаласының №7 мектебінің оқушылары «Достық» тобы иеленді. Ал екінші орынды № 2 мектептің «Көшпенділер» тобы жеңсе, Қалижан Бекхожин атындағы мектептің «Алаш» тобы үшінші орынды қанжығасына байлады.

- Сайыста оқушылар «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын зерделеп, жергілікті ақын-жазушылардың, мерейтой иегерлерінің өмірі мен шығармашылығына тоқталды. Тәуелсіз Қазақстанның тарихына шолу жасады. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан тұтатын халықтың болашағы зор. Қазіргі өскелең ұрпақ өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білетін жастар болу керек, - деді Оқушылар сарайының әдіскері, сайыс ұйымдастырушысы Асем Аипова.

Добавить комментарий