Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12937833
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
9814
24918
9814
12665085
256286
375712
12937833

Ваш IP: 3.144.154.208
Время: 2024-04-29 10:15:20

Оқушылар сарайында Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына арналған поэзия кеші өтті

Во Дворце школьников прошел вечер поэзии,  посвященный 90-летию Мукагали Макатаева Во Дворце школьников прошел вечер поэзии, посвященный 90-летию Мукагали Макатаева
Во Дворце школьников прошел вечер поэзии,  посвященный 90-летию Мукагали Макатаева Во Дворце школьников прошел вечер поэзии, посвященный 90-летию Мукагали Макатаева

2021 жылдың 12 ақпан күні Оқушылар сарайында «Әр өлеңі – бір әлем» атты Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына арналған әдеби – поэзиялық кеш өткізілді. Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні Елімізде қазақтың мұзбалақ, лирик, мәртебесі биік ақиық ақынның 90-жылға толу мерейтойы аталып өтілуде.

Во Дворце школьников прошел вечер поэзии,  посвященный 90-летию Мукагали Макатаева Во Дворце школьников прошел вечер поэзии, посвященный 90-летию Мукагали Макатаева
Во Дворце школьников прошел вечер поэзии,  посвященный 90-летию Мукагали Макатаева Во Дворце школьников прошел вечер поэзии, посвященный 90-летию Мукагали Макатаева

Аталмыш шараны «Қаламгер» орталығының жас тілшілері және олардың жетекшілері Әсем Аипова ұйымдастырды. ZOOM платформасында өткен онлайн кездесуге Баянауыл, Аққулы аудандары мен Павлодар қаласының № 25, 37, Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназиясының оқушылары қатысты.

Поэзия кешінің құрметті қонақтары ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Павлодар қаласының Құрметті азаматы, Байғалы Шолпан Байғалықызы, және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Найзатас» журналының жауапты хатшысы, павлодарлық жас ақын Айбек Оралхан болды.

Іс-шара Мұқағали ағаның өмірі жайлы деректі фильмнен басталды. Балалар бейнефильмнен ақынның өмірі және балалық шағынан қызықты фактілерді білді.

Онлайн кештің қонағы Шолпан Байғалы оқушыларға студенттік өмірі кезінде, Мұқағали ағамен Алматы қаласында, ақындардың кешінде алғаш кездескенің баяндап берді. Шолпан апай ақынның өлеңдерін өзінен естігенін, айтып оқушыларды әңгімесімен баурап алды.

Айбек Оралханның танымдық әңгімесінен оқушылар Мұқағали Мақатаевтың балалық шағы, әжесі мен ата-анасы, сүйікті жары Лашын жайлы қызықты деректерге қанық болды. Сонымен қатар Айбек Оралхан ақынның шығармашылығына толық тоқталып, «Пай, пай,Өмір!» өленің оқып берді. Көркемсөз шеберлеріне Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқымас бұрын, Абайдың, Махамбеттің, Мағжанның, Қасымның шығармаларын оқуға кеңес берді.

- Мұқағали Мақатаев – бүгінде бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген сүйікті ақын. Оның өлеңдерін ықыласпен оқымаған, сөздеріне жазылған әндерін ынтыға тыңдамаған иісі қазақта ешкім жоқтығы белгілі. Ол – қазақ халқының салт – дәстүрі мен тұрмыс – тіршілігін сезімталдықпен жырлаған ақын, - деді Айбек Оралхан.

Поэзия кешінің соныңда оқушылар ақынның «Ей,өмір», «Поэзия», «Сәби болғым келеді», «Шыда,шыда», «Жас қайын», «Өмір жайлы», «Райымбек! Райымбек!» поэмасынан үзінді, «Үш бақытым» өлеңі ағылшын тілінде оқылды.

- Мұқағалидің поэзиясы таусылмайтын қайнар бұлақ. Бүгін оқушылар Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқып, шығармашылығына терең үңілді. Артында өшпес мұра қалдырған талант иесін оқушылармен таныстыру, өлеңдерін жатқа оқу біздің парызымыз, - деп атап өтті кеш ұйымдастырушысы Әсем Аипова.

Атап өтсек, «Каламгер» тілшілері Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығын тойлауға белсене ат салысты. Олар, С.Торайғыров кітапханасы ұйымдастырған «Жырлайды жүрек» марафонына қатысып, алығыс хаттармен марапатталды. Республикалық «Шығармашылық мұра» атты Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына арналған IV-шығармашылық қашықтан байқауына қатысып, Елдана Ержан, Камила Бейсембай, Бақтияр Даниялов, Айзия Сағадат 1 – ші дәрежелі дипломдарға ие болды. Жетекшілері Әсем Аипова алғыс хатпен марапатталды. Жас тілшілер Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқып, Ертіс-Кереку өңірінің оқушыларына және облысымыздың көркемсөз оқу шебері Бәкіжан Берікұлына челленджді жолдады.

Добавить комментарий