Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24400462
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 3009 8002 3009 24148758 184382 527623 24400462 Ваш IP: 216.73.217.39
Время: 2026-10-12 06:59:29
|
Оқушылар сарайының жас әншілері Халықаралық өнер конкурсында жеңімпаз атанды
2021 жылы 20 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында «Бала шабыты» Халықаралық жобасының аясында талантты балалар мен жастардың «NAURYZ FESTIVAL» конкурсы өтті.
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Аймикс» вокал студиясының үш тобы «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. 10-12 жас ерекшелік санатындағы «Gold music» вокал студиясы «Қазақтай ел қайда» әнімен Бас жүлдеге қол жеткізді. 7-9 жас ерекшелік санатындағы «Мелодайн» тобы «А мне бы петь и танцевать» әнімен Бас жүлдеген ие болды. 3-6 жас ерекшелік санатындағы «Айдарай» вокал тобы «Если мама рядом» әнімен 1-ші орынды қанжығаларына байлады. Халықаралық конкурстың ұйымдастырушылары «Аймикс» вокал студиясының жетекшілері Динара Капарова мен Нонна Царенкоға конкурсқа жеңімпаздарды дайындаған үшін алғыс хаттар табысталды. |














