Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

13087481
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
8020
9799
48762
12823283
140279
265655
13087481

Ваш IP: 3.135.219.78
Время: 2024-05-17 15:18:15

Оқушылар сарайында көшбасшылар конкурсы өтті

Конкурс лидеров прошел во Дворце школьников Конкурс лидеров прошел во Дворце школьников
Конкурс лидеров прошел во Дворце школьников Конкурс лидеров прошел во Дворце школьников

М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Жас Ұлан» ББЖҰ ұйымдастыруымен қалалық, аудандық «Жас Ұлан» балалар жасөспірімдер ұйымдары көшбасшылары-қыранбасшыларының «Үздік-Ұлан-2023» облыстық байқау – конкурсы өтті.


Аталмыш конкурс үш жылда бір рет өткізіледі.   Аудандық, қалалық кезеңнің жеңімпаздары бүгін Оқушылар сарайының сахнасында бақ сынасты. Финалға 11 оқушы қатысты.  Конкурс барысында қатысушылар шығармашылық портфолиосын ұсынып, өзін-өзі таныстырды. Екінші тур "Мен ұлы елдің азаматымын" шешендік өнер байқауы болды. Бұл жерде әр көшбасшы осы тақырыпты аша отыра, өз ойларын жеткізді. 3 турда "Мен және менің ұйымым" шығармашылық визиткасын көрсетіп, өздерінің қоғамдық қызметін, әлеуметтік жобаларға қатысуын, жұмыс нәтижелерін көрсете білді.   Байқаудың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. Бас жүлдеге Шарбақты ауданының Шегірен ЖОББМ оқушысы Тілеубекұлы Әли ие болды. 1 орынға Ақтоғай ауданынан Сембі Інжу мен Аққулы ауданынан Шуганова Зере ие болды. 2 орынға ие болғандар Арғанбайқызы Айшуақ Ақсу қаласы; Ақтас София Екібастұз қаласы; Ерсайын Лаура Тереңкөл ауданы; Хайбуллова Аиша Павлодар қаласы. 3 орынға ие болғандар Бағдат Нұрмұхамед Ертіс ауданы; Қанатова Адия Баянауыл ауданы; Баймұратова Аружан Павлодар ауданы; Төкен Аянат Май ауданы.

Добавить комментарий