Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

13087386
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
7925
9799
48667
12823283
140184
265655
13087386

Ваш IP: 18.221.89.183
Время: 2024-05-17 14:56:21

«Педагогикалық идеялар» байқауының қорытындысы

Итоги конкурса «Педагогические идеи» Итоги конкурса «Педагогические идеи»
Итоги конкурса «Педагогические идеи» Итоги конкурса «Педагогические идеи»

2024 жылдың қаңтар айынан бастап наурызға дейін М.Катаев ат. Оқушылар сарайында Павлодар облысының жалпы орта және қосымша білім беру педагогтарының «Педагогикалық идеялар» облыстық байқауы өткізілді.

Конкурс жалпы орта және қосымша білім беру қызметкерлерінің озық педагогикалық идеяларын, қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен әдістемелерін пайдалану жөніндегі тиімді практикаларды ұсыну және тарату нысандарының бірі болып табылады. Келіп түскен материалдарға бағалау жүргізу мақсатында сараптамалық кеңес құрылды, ол басқа білім беру ұйымдарынан тартылған білікті мамандардан құралды: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Павлодар облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтыны» әдіскері Қасанбекова Диана Бейсенбекқызы; философия ғылымдарының кандидаты (PhD), А.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры - Аспанова Гүлмира Рамазанқызы; педагогика ғылымдарының кандидаты, А.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті педагогика жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры - Боталова Ольга Борисовна;  Павлодар облысының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының» КММ әдіскері - Сүлейман Роза Темірғалиқызы.      
Байқауға Павлодар облысының 62 жалпы орта және қосымша білім беру педагогтері  қатысты, бағыттар бойынша 76 жұмыс ұсынылды.
Сараптау комиссиясын бағалау нәтижелері бойынша әдістемелік жұмыс, білім беру қызметі, тәрбие жұмысы, азаматтық-патриоттық тәрбие, педагогтің ғылыми шығармашылығы, педагогтің әдеби-эстетикалық шығармашылығы, әлеуметтік маңызы бар жоба, педагогикалық жоба, авторлық бағдарлама аты номинациялар бойынша жүлделі орындар бөлінді.

Дипломдарды жүктеу

 

Добавить комментарий