Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24812086
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 5775 12191 5775 24515114 220199 375807 24812086 Ваш IP: 216.73.216.246
Время: 2026-11-16 11:46:49
|
«БІР ЕЛ – БІР ХАЛЫҚ – БІР БОЛАШАҚ!»
Қазақстан Республикасы күніне орай М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп патриоттық батл ұйымдастырылды. Іс-шараға 50 оқушы қатысып, ел тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін, шығармашылық қабілеттері мен командалық рухын көрсетті. Қатысушыларды бірнеше қызықты кезең күтіп тұрды. «Тарих сөйлейді» кезеңінде Қазақстан тарихы бойынша білімдері сыналса, «Рәміздер сөйлейді» бөлімінде мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтар туралы сұрақтарға жауап берді. «Қауіпсіз ел – қауіпсіз болашақ» кезеңінде төтенше жағдайлар мамандары қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібін түсіндірді.
|














