Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24812186
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 5875 12191 5875 24515114 220299 375807 24812186 Ваш IP: 216.73.216.246
Время: 2026-11-16 12:02:40
|
Ардагерлермен кездесу
«Көктемнің қайырымдылық апталығы – 2014» акциясы аясында М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының кіші залында ардагерлермен кездесу кеші өткізілді. Оған Ұлы Отан соғысының ардагері – Гарусов Николай Афанасьевич пен Еңбек ардагері Кенжекөл ЖОМ құрметті ұстазы Кускеева Роза Казимировна шақырылды.
Іс-шараны педагог-ұйымдастырушы Омарова А.З. мен №13 мектептің аға тәлімгері Сабирова С.А. ұйымдастырды. Кездесу барысында ардагерлер өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, ақ тілектерін айтты. Ал Оқушылар сарайының «Жас дәурен», «Арман-шоу» студияларының шәкірттері соғыс тақырыбындағы әндер орындаса, «Анастасия» үлгілі би клубының жеткіншектері мұң бұрала вальс биледі. №13 мектептен келген хор ұжымы да тамаша әнмен көрермендердің көңілін бір көтеріп тастады. Бұдан басқа №41, 39 мектептердің оқушылары өнер көрсетті. Бір сөзбен айтқанда, сахнаға шыққан әрбір бала өз өнерлері арқылы бейбіт өмір мен ашық аспан үшін құрметті ардагерлерге алғыстарын білдірді. |














