Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12644000
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
16675
29268
102949
12290016
338165
367470
12644000

Ваш IP: 18.208.172.3
Время: 2024-03-28 21:56:36

«Күй тартыс – 2014» облыстық сайысы

2014.04.16 01 «Күй тартыс – 2014» облыстық сайысы

2014 жылдың 16 сәуірі күні «Күй тартыс-2014» облыстық сайысының қорытынды кезеңі өткізілді. Ұйымдастырушысы – Оқушылар сарайының, көркем тәрбие беру бөлімі.

Бұл сынға облысымыздың түкпір-түкпірінен 14 үміткер қатысты.

Сайыскерлердің өнерін Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаттың аға-оқытушысы Кенжеқанов Батырхан Гапурұлы, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің әртісі – Аубкаиров Асхат Қайыргелдіұлы, Құрманғазы атындағы №1 балалар музыкалық мектебінің оқытушысы – Қайшанов Нұрлан Бақытұлы, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің әртісі, дирижер көмекшісі - Акатаев Берік Аблайұлы, «Дарынды балаларға арналған музыкалық колледж-мектеп интернат кешені» Қазақ ұлттық аспаптар бөлімінің оқытушысы – Таттымбек Рустам Таттымбекұлы бағалады.

 

2014.04.16 02 «Күй тартыс – 2014» облыстық сайысы

Қатысушылар «Күй тартыс – 2014» сайысының ережесі бойынша 8 төкпе күй мен өз қалаулары бойынша 1 шертпе күйді орындауда сынға түсті. Әділ-қазылардың шешімімен, бас жүлде Баянауылдан келген Жаяу Мұса атындағы балалар өнер мектебінің оқушысы Қожанов Дидарға бұйырды.

Дидар домбырада ойнау шеберлігі сабағын бірінші сыныптан бастап меңгеріп келеді екен. Бұл өнер жолына бастап әкелген әжесі болса, қабілетін дамытып, дарынын шыңдаған жетекшісі – Олжатай Мереке Жұматайұлы.
Басқа қатысушылардың марапаттары төмендегідей:

І орын – Омар Назира, Құрманғазы атындағы №1 балалар музыкалық мектебінің тәрбиеленушісі;
ІІ орын – Нұрдуллаев Дінислам, Құрманғазы атындағы №1 балалар музыкалық мектебінің тәрбиеленушісі;
ІІ орын - Тиштенов Әділ, Оқушылар сарайының «Жас екпін»үлгілі ансамблінің тәрбиеленушісі;
ІІІ орын – Джамекова Аяулым, Павлодар қаласының көлік және коммуникация колледжінің І курс студенті;
ІІІ орын – Омар Индира, Назарбаев Интеллектуалдық мектебінің оқушысы;
ІІІ орын – Идрисов Султан, №3 гимназия мектебінің оқушысы.

Басқа сайыскерлерге «Белсенді қатысқаны үшін» дипломдары табысталды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, зор табыстар тілейміз!

Добавить комментарий