Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения21309512
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 11699 17406 11699 21025536 235039 408197 21309512 Ваш IP: 216.73.216.87
Время: 2026-02-16 16:29:40
|
Жасқыраншылар – біздің болашақ көмекшілеріміз!
2014 жылғы 30 қазанда М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы негізінде «Тәлімгерлер қауымдастығы» облыстық жобаның аясында «Кіші мектеп жасындағы балаларға арналған тәрбие бағдарламасы зерттемесінің әдістемесі»тақырыбында облыстық семинар өтті.
Облыстық семинарға Ақтоғай, Железин, Ертіс, Қашыр, Лебяжье, Павлодар, Шарбақты, Успен аудандарының және Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының мектептерінен 62аға тәлімгерлері қатысты. Ертіс ауданы және Павлодар, Екібастұз қалаларының белсенділігін атап өтуге болады. Баянауыл (ауа-райының жағдайы) және Май (аудандық Құрылтайды өткізуі) аудандары іс-шара ұйымдастырушыларды алдын ала ескертіп,орынды бір себептермен қатысқан жоқ. «Тәлімгерлер қауымдастығы»облыстық жобаның аясында өткен барлық іс-шаралардың мақсаты тәлімгерлерге,педагогтерге,«Жас ұлан»үйлестірушілеріне инновациялық тәрбие бағдарламаларды және технологияларды менгеруіне,әзірлеуіне көмек көрсетуге бағытталған. Семинарда үш проблемалық топ жұмыс жүргізді: «Жасқыраншылардың өміріне ойынды оның бастапқы мағынасында енгізу»; «Жасқыраншыларды жұртшылықты тәрбиелеуге тарту»; «Қазақстан халқының тарихын,мәдениетін білу негізінде өскелен ұрпақтың рухани-адамгершілік әлеуетін қалыптастыру». Семинардың негізгі мақсаты бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жүргізуде қатысушылар арасында тәжірибе алмасу, жүйені қалыптастыру, негізгі жобаларды анықтау. «Кіші мектеп жасындағы балаларға арналған тәрбие бағдарламасы зерттемесінің әдістемесі»атты практикумда жасқыраншыларға бағытталған аймақтық бағдарлама жобасы әзірленді. Балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының VII Құрылтайын өткізу тұжырымдамасы талқыланды.Бұл бастама облыстық «Жас Ұлан» БЖҰ үшін жұмыстың негізгі бағытын айқындауға септігін тигізді. |














