Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12952876
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
1130
4544
24857
12665085
5674
265655
12952876

Ваш IP: 3.129.45.92
Время: 2024-05-02 04:16:49

«А музы не молчали!» атты әдеби қонақ жайы

«А музы не молчали!» атты әдеби қонақ жайы «А музы не молчали!» атты әдеби қонақ жайы

22 желтоқсанда қала мектептерінің оқушылары М. М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының әдеби қонақ жайына шақырылған болатын. Бұл іс-шара Ұлы Жеңістің 70-жылдығы қарсанында өткізілді. Анна Ахматова, Константин Симонов, Юлия Друнина, Муса Жалиль және басқа ақындардың  соғыс жылдардағы белгілі өлеңдерін «Рауан» әдеби-шығармашылық студиясының тәрбиеленушілері  мәнерлеп жатқа оқыды.

 

Мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өткізілетін «Жұлдызай» балалар шығармашылығы республикалық фестивалінің лауреаты, «Рауан» студиясының тәрбиеленушісі Екатерина Семенистая «Волжская баллада» және «Пусть будет мир» атты өлеңдерін өте жақсы орындап шықты. №39 ЖББОМ  2 «В» сыныбының балалары  «Прадедушка» әнін  орындап берсе, осы мектептің  2 «В» сыныбының  оқушысы Алёша Запара «Менің отбасымның тарихы» тақырыбында қызықты баяндама жасады.

«А музы не молчали!» атты әдеби қонақ жайы «А музы не молчали!» атты әдеби қонақ жайы

Баяндамада соғысты басынан аяғына дейін өткізген  ардагер  арғы атасы және арғы әжесі туралы айтты. Ұлы Отан соғысына арнап өздері  шығарған өлеңдерін ағайынды Мадьян Акул  («Мой прадед») мен Рами Акул  («Свет Победы») оқыды. Балалар «Тишина» және «Катюша» кинофильмдерінен әндерді орындады. Оқушылар соғыс жылдарындағы өлеңдер мен әндерді айта отырып,өздерін сол сұрапыл соғыстың қатысушылары сияқты сезінді.

«А музы не молчали!» атты әдеби қонақ жайы «А музы не молчали!» атты әдеби қонақ жайы

 

Балалар «Өткен соғыстың жаңғырығы» атты әдеби викторинаға қатысып, соғыс тақырыбында сөзжұмбақ шешті. Іс-шараның соңында «Рауан» әдеби-шығармашылық студиясының жетекшісі Марина Владимировна Юрченко  ең белсенді 20 қатысушыны алғыс хаттармен  марапаттады. Қонақтар Ұлы Отан соғысында қаза болған  батырларға тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Добавить комментарий