Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения20817802
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 6433 18387 6433 20557598 151526 433954 20817802 Ваш IP: 216.73.216.59
Время: 2026-01-12 10:03:09
|
«Педагогикалық триумф»
Облыстық тәлімгер шеберлік мектебі өзінің жұмысын жалғастырды. 2015 жылдың 29 қаңтар Павлодар облысының қалалық және аудандық балалар қозғалысының координаторлары, аға тәлімгерлер, әдіскерлер үшін шығармашылық трифум күні болып саналды. «Аға тәлімгерлердің тәрбие жұмысында кейс-технологиясын қолдану» шығармашылық семинар аясында Павлодар қаласынан 26 тәлімгер, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Май, Железинка, Қашыр және Шарбақты аудандары әр түрлі бағыттағы өздерінің атқарылған жұмыстарын презентация арқылы көрсетті. Көшбасшылық бағыты, волотерлік жұмыстары, салауатты өмір салтын қалыптастыру, патриоттық тәрбие, жобалық қызметі бойынша өте көптеген материалдары көрсетілді. Павлодар қаласы № 8 мектеп-лицейінің тәлімгері Е.А. Юрченко, Павлодар аулының № 40 ЖОМ тәлімгері Маракина Н.Н., Павлодар ауданының Чернорецк ЖОМ тәлімгері Сулейменова Г.И., Шарбақты ауданының № 2 НМ тәлімгері Сазонова Е.М., Лебяжі ауданының балалар қозғалысының координаторы Жиеналина Г.Ж., Павлодар қаласының № 25 ЖОМ тәлімгері Болатова Е.Б. жоғары бағаға ие болды. Тәжірибе өткізу кезінде кейс-технологиясын бойынша семинар қатысушылары теориялық ақпарат алып қана қоймай, сонымен қатар берілген педагогикалық жағдаяттарды талқылады. Семинар соңында 94 тыңдаушыларға сертификаттар берілді. |














