Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

13008694
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
914
9263
29169
12771777
61492
265655
13008694

Ваш IP: 3.149.214.32
Время: 2024-05-09 03:43:33

Жас көшбасшылар Астанада кездесті

Из детей вырастают лидеры Из детей вырастают лидеры

Астана қаласында балалар-жасөспрімдер қозғалысының белсенділері үшін «Ұланымыз Ұлы елдің» аты Республикалық форумы өтті. Іс-шара  шеңберінде  қатысушылар бұқаралық шаралардың дайындығы мен өткізу туралы пікір алмасып, жобалық жұмыс бойынша тәжірибелермен алмасты. Аталмыш форум балалар ұйымдарының презентациялар мен жобаларының әмбебап алаңына айналды.

Павлодар облысын форумда жалпы білім беру мектептерінің келесі көшбасшылары таныстырды: олар, Мадина Бакирова - Павлодар қаласы №35 ЖОМ-нің оқушысы, Софья Ахметжанова - Павлодар қаласы №25 ЖОМ-нің оқушысы, Диас Ермеков - Лебяжі ауданы, Лебяжі ЖОМ-нің оқушысы, Анна Адарченко - Қашыр ауданы, А.Текенов атындағы Қашыр ЖОМ-нің оқушысы.

Из детей вырастают лидеры Из детей вырастают лидеры

Форумның қортындысы бойынша Павлодар облысының делегациясы «Ең  өркениетті топ» номинациясы бойынша Дипломға қол жеткізді. Павлодар облысының оқушылары  Мәдина Бакирова мен Софья Ахметжановалар спорттық эстафета бойынша екінші орынға ие болды.

Іс-шараның бірінші күні қатысушылар бір-бірлерімен танысып, өз ұйымдары туралы айтып, «Көшбасшылық мектеп» жайлы семинар-тренингтер өтіп, келесі жылға жұмыс жоспары бекітілді. Форумның екінші күні қатысушылар «Знаниевый реактор» атты «миға шабуыл» жаңа заманауи технологиямен таныс болды. Осы күні балалар қозғалысының белсенділері үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында спорттық эстафета мен экскурсия өткізілді.

 

Добавить комментарий