Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Дополнительная информация 

Наши посещения 

7761017
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
2749
3140
2749
7571751
185799
171023
7761017

Ваш IP: 18.232.177.219
Время: 2022-06-27 15:37:40

Шеберлер еліне саяхат

Шеберлер еліне саяхат Шеберлер еліне саяхат
Шеберлер еліне саяхат Шеберлер еліне саяхат

Ағымдағы жылы М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында эстетикалық бөлімінің ұйымдасытруымен қосымша білім беру педагогтеріне арналған «Қосымша білім беру педагогінің жұмысындағы интеграциялық тәсіл» тақырыбы аясында облыстық семинар өтті.

Семинардың бағдарламасына сәйкес эстетика бөлімінің меңгерушісі Т. Фирсова «Қосымша білім беру педагогінің жұмысындағы интеграциялық тәсіл» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Семинар қатысушылары қызықты әрі танымдық 4 шеберлік сабаққа қатысты. «Тильда» техникасында тігін кәдесыйларын дайындау» тақырыбы бойынша Оқушылар сарайы «Сюрприз» шығармашылық шеберханасының жетекшісі Анна Гоголь шеберлік сабағын көрсетті. Ата бабамызға мирас болып қалған өрнекті ши орау, тоқу әдіс тәсілдерімен Оқушылар сарайы «Сырмақ» ұлттық студиясының жетекшісі Дәуірбек Жагслах «Суретті бейнелеуде ши тоқу технологиясын пайдалану» тақырыбында өз тәжірибесімен кең бөлісті. Ақсу қаласы, балалар өнер мектебі көркемсурет бөлімінің оқытушысы Светлана Ольховская «Оюлы принтпен симметриялы ойық жасау» шеберлік сабағын тиімді дайындады. Аталмыш мектептен келген көркемсурет бөлімінің оқытушысы Жанна Ошмарина «Нирография - креативтік ойлауды интеграциялаудың тәсілі» - тақырыбында шеберлік сабағы шығармашыл болып табылды. Педагогтар металмен жұмыс жасауды, көлемді қуыршақтар және бейнелеу өнеріндегі дәстүрлі емес әдіс тәсілдермен әріптестерімен пікір алмасты.

«Менің өткізген шеберлік сабағымда педагогтар ши өру технологиясын меңгеріп, станокпен жұмыс жасауды үйренді» - деді, Оқушылар сарайы «Сырмақ» ұлттық студиясының жетекшісі Дәуірбек Жақсылыққызы. Семинардың қортындысы бойынша қонақтар өткізілген шығармашылық шеберхананың жоғары дәрежеде бағалап өтті. Семинарға Павлодар облысы көлемінде қосымша білім беру ұйымдарынан 26 педагог қатысты.

 

Добавить комментарий