Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12976775
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
4480
6070
48756
12665085
29573
265655
12976775

Ваш IP: 3.133.109.30
Время: 2024-05-05 15:06:09

«PavlodarFashionWeek-2015». Креатив және стиль

«PavlodarFashionWeek-2015». Стиль и креатив «PavlodarFashionWeek-2015». Стиль и креатив

2015 жылы 23 қыркүйек күні Жастар бастамаларын дамыту орталығында «PavlodarFashionWeek-2015» атты сән көрсету өткізілді.

Сән мерекесі Қазақ хандығының 550-жылдығына орай ұйымдастырылып, сән үлгілерде осы стилді қамтыды. Сәнгерлер жиналған қауымға қазақ халқының ұлттық киімдер үлгісін паш етті. Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінің, ИнЕУ-нің, ПМПИ-нің студенттері және «Силуэт» сән театрының моделдері, Ақсу балалар шығармашылық үйі, «Қайнар» экібастұз орталығының оқушылары көрермендерге ұлттық киімдер үлгілерін ұсынды.

«PavlodarFashionWeek-2015». Стиль и креатив «PavlodarFashionWeek-2015». Стиль и креатив

Облыстық Оқушылар сарайының «Креатив» дизайн-студиясының тәрбиеленушілері қазақ ұлттық нақыштағы бес киім үлгісін дайындап әкелді. Подиум бойынша сән көрсеткен Жанель Абдыхаева, Лимара Ахметова, Динара Балманова, Дарья Зюркалова, Амина Сапаровалар болды.

«Креатив» студиясының сәнгер қыздарының кейіпін қалпына келтіруге павлодарлық Оқушылар сарайының «Стиль» шаштаразшылар студиясының шеберлері көмекке келді. Сәнгерлердің бет-әлпеттерін әрлеп, шашты сәндегендер Альмира Сулейменова, Яна Коврижных, Ангелина Ходько, Анна Пересветова, Камила Балгымбаевалар болды және олардың жетекшілері Евгения Леденева.

«Креатив» студиясының образдарында ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен тігілген заманауи киім үлгілері ұласып жатты. Дизайн-студиясының жетекшісі Лаура Сыздықованың айтуынша, заманауи тенденциялар мен технологияларды қоса отырып, қазақи ұлттық үлгіде тігілген киімдерді қайта жаңғырту және алғабастуру.

Добавить комментарий