Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения17688026
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 14119 15684 99676 17356200 139505 468472 17688026 Ваш IP: 3.149.4.109
Время: 2025-05-11 23:40:59
|
Бабалар мұрасы – бисерден өрілген суреттерде
М.Катаев атындағы павлодарлық оқушылар Сарайында «Атамұра» қолданбалы-сән шығармашылығының облыстық көрмесі өтті. 2015 жылдың 18 қараша күні қазақ мемлекеттілігінің 550-жылдығына орай ашық іс-шара өткізілді. Көрмені Павлодар облысының білім беру басқармасы ұйымдастырды. Облыс және қаланың 245 оқушылары және шығармашылық шеберханалардың тәрбиеленушілері, әр-түрлі жанр мен техникада жасалған жұмыстарын ұсынды. Көрмеге барлығы 252 жұмыс қатысты. Балалар өз туындыларын жасағанда әр-түрлі материалдарды қолданды. Бисерден өрілген картиналар, жүннен тоқылған бұйымдар, қағаздан жасалған аппликациялар, табиғи материалдан істелген бұйымдар – осының барлығы әр шебердің жұршылыққа көрсеткен уақыт пен кеңістіктің сезімі болып табылады. Успен, Ақтоғай, Ертіс, Баянаул, Қашыр, Лебяжі аудандарынан келген және Павлодар мен Ақсу қалаларынан келген балалар қолданбалы шығармашылықтың сұлулығымен бөлісті. Қазылар алқасы білікті композициялық шешімді, шығармашылық ойлауды, орындаудың тәуелсіздігі мен сапасын бағалайды. Оқушылар Сарайының үлкен залында 20 қараша күні жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Ең үздік жұмыстар «Бабалар мұрасын сақтап және көбейтейік» атты Республикалық қолданбалы-сән шығармашылық көрмесіне ұсынылады. |