Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения17527493
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 1347 13704 15051 17210852 447444 426494 17527493 Ваш IP: 18.119.167.222
Время: 2025-04-29 03:24:14
|
Ұлттық дәстүр жалғастығы
М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы «Сырмақ» студиясының тәрбиеленушілері «Бабалар мұрасын сақтап және көбейтеміз» атты Республикалық балалар шығармашылық көрмесіне қатысты. 2015 жылдың 10-12 желтоқсан аралығында Астана қаласында ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында көрменің ашылуы болды. Сурет байқауына Қазақстанның қосымша білім беру ұйымдарынан 9-17 жас аралығында 66 жас шебер қатысты. Павлодарлық Оқушылар сарайынан «Сырмақ» ұлттық-сән қолданбалы студиясының тәрбиеленушілері Меруерт Смағұлова мен Далия Мадьярова өз жұмыстарын әкелді. Тігу техникасында жасалған Меруерт Смағұлованың «Ұлы дала дауысы» және ши техникасында орындалған «Кең даланың кер маралы» атты жұмыстары «Табиғи материалмен жұмыс» атты номинациясында III-ші дәрежелі дипломға ие болды. Жүн тоқу техникасында Далия Мадьярованың «Қыз қуу» және тігу техникасында орындалған «Кестелі қоржын» атты жұмыстары «Табиғи материалмен жұмыс» атты номинациясында I-ші дәрежелі дипломға қол жеткізді. «Сырмақ» ұлттық-қолданбалы өнер студиясының жетекшісі Дәуірбек Жақсылық ҚР Білім және Ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығынан алғыс хатпен марапатталды. Байқауға 200-ден астам жұмыс қатысты. Қазылар алқасы тігу, ойыншық жасау, сәндік қолтаңба, батик, табиғи материалмен жұмыс, бисер өру және мүсін номинациялары бойынша бағалады. Бұл байқау ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы, ҚР Білім және Ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен, Балалар көркем мектебімен, ЮНЕСКО клубымен, Астана қаласы Білім басқармасымен ұйымдастырылды. |