Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12958570
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
6824
4544
30551
12665085
11368
265655
12958570

Ваш IP: 3.137.218.230
Время: 2024-05-02 17:53:32

Қолданбалы өнер әр түрлі болады

Прикладное творчество бывает разное Прикладное творчество бывает разное
Прикладное творчество бывает разное Прикладное творчество бывает разное

24 ақпан күні Оқушылар сарайында қосымша білім беру педагогтары үшін «Түрлі қолөнер техникада декор элементтердің ерекшеліктерін қолдану» атты тақырыпта семинар өтті. Баяндаманың басты тақырыбымен эстетика бөлімінің меңгерушісі Татьяна Фирсова сөз алды.

Ресми бөлімінен кейін және баяндамалар аяқталған соң, семинар нағыз шығармашылық шеберханаға айналды. Қатысушыларға әр түрлі тақырыпты қамтыған шеберлік-сабақтар өтті. Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогы және  «Креатив» дизайн-студиясының жетекшісі Лаура Сыздықова қонақтарға канзаши техникасында жасалатын гүлдерді көрсетті. Аталмыш шеберлік-сабағында 7 педагог атлас лентасынан әшекей бұйымдарын жасады.

Оқушылар сарайы «Декор» студиясының жетекшісі Елена Мирзоян семинардың 14 қатысушысына интерьерде фоамир әшекейін қалай қолдану керектігін көрсетті.

Прикладное творчество бывает разное Прикладное творчество бывает разное
 

Екібастұз қаласынан келген «Қайнар»  бос уақытты қамту орталығының қосымша білім беру педагогы, «Сувенир» шеберханасының жетекшісі  Галина Склярдің шеберлік-сабағының тақырыбы  «Выполнение композиции «Пейзаж» в смешанной нетрадиционной технике декоративно-прикладного творчества» деп аталды. Бұл шеберлік-сабаққа 15 адам қатысты. Семинар қатысушылары «папье-маше» техникасында табиғи композиция жасап, оны акрил бояуларымен бояды.  Жұмыстар аяқталған соң барлық семинар қатысушылары жұмыстарды өздерімен бірге алып кетті.

Бұл семинарға қосымша білім беру мекемелерінен облысымыздың үш қаласы және бес аудандарынан  28 педагог қатысты.

Семинар аяқталған соң қатысушылар психологиялық көмекке душар болған балалар үшін және қолданбалы-сән шығармашылығының дәстүрлі емес техникасында, бисермен жұмыс жасау туралы шеберлік-сабақтарға ұсыныс білдірді. 

 

Добавить комментарий