Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения22215611
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 9620 10786 9620 21964920 39378 328164 22215611 Ваш IP: 216.73.216.64
Время: 2026-05-04 18:35:13
|
Оқушылар сарайы ұстаздар қауымын қарсы алды
2018 жылдың 24 қаңтар күні Павлодар қаласының Достық үйінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының оқу-әдістемелік кеңесінің «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында басқару тиімділігі және білім беру сапасын қамтамасыз ету» тақырыбында іс-шара өткізілді. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 150-ге жуық ұстаздар қауымы осы отырысқа қатысты. Аталмыш Республикалық іс-шара төңірегінде еліміздің бір топ педагогтары М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайымен танысу мақсатында экскурссияға келген болатын. Оқушылар сарайының педагогтары қонақтарға «Қосымша білім беру жүйесінің жаңа технологиялары» атты қызықты презентацияларын ұсынып, Оқушылар сарайының бойынша танымдық экскурссия жүргізді. Оқушылар сарайына келген қонақтар Сарайдың астрономиялық бөліміне, жаңа технологияларға сай жабдықталған зәулім білім ордасына ерекше қызығушылықтарын білдірді. Іс-шараға Қазақстанның барлық облыстарынан 90 - нан астам аймақтық орталықтарының басшылары, облыстық білім беру басқармаларының өкілдері, мамандандырылған мектеп директорлары мен оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары мен ұстаздары қатысты. |














