Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения17691621
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 3322 14392 3322 17432108 143100 468472 17691621 Ваш IP: 3.15.7.195
Время: 2025-05-12 02:46:53
|
«Тинго-танго» немесе «English club» клубында алғаш кездесу
Өткен жексенбіде 11 ақпан күні Оқушылар сарайында «English club» клубында алғаш кездесу өтті. Ағылшын тілінде дәстүрлі емес таныстыру сабағын Колумбия елінен келген қонақ Анхелика Бургос (Angelica Burgos) өткізді.
Ағылшын тілін оқулықсыз қалай оқуға болатынын көру үшін қаламыздың мектептерінен 25 оқушы жиналды. Шет тілінде ауызекі сөйлеп үйрену таныстырудан басталды. Анхелика «Тинго-танго» атты колумбиялық ойынын ұйымдастырды. Балалар бұл күні Колумбия туралы ағылшын тілінде бейнероликтер тамашалап, олардың Богота деген астанасымен танысып, колумбиялықтардың ұлттық киімдері және тағамдарынан көп ақпар алды. Бургос ханым әйгілі колумбиялықтар, оның ішінде әнші Шакира, жазушы «Сто лет одиночества» романының авторы Габриэль Гарсиа Маркес және Йерри Мина және Хамеса Родригес деген футболисттер туралы айтып берді. Оқушылар әнші Джей Бальвинннің колумбиялық екенің біліп, таң қалды. Анхелика тек қана әйгілі адамдар туралы айтпай, сонымен қатар олардың елордасында метроның жоқ екенің айтып, жолдағы көлік кептелісінің жағдайымен бөлісті. Павлодарлық оқушылар өз қалалары туралы баяндап, топпен жұмыс жасады. Тіпті дастархан басындағы шайдың үстінде ағылшын тілінде әңгіме-дүкен таусылмады. Оқушылар көп жаңа ақпарат алып, ең бастысы тілге қатысты көп тәжірибе жинады. |