Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения22366905
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 18807 17688 80399 22049749 190672 328164 22366905 Ваш IP: 216.73.216.46
Время: 2026-05-15 18:08:13
|
Балалар өмірінен 24 кадр
30 сәуір күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық туры өтті. Балалар киносының ұйымдастырушысы - Павлодар облысының білім беру басқарамасы кино түсіретін дарынды балаларды анықтап, жас ұрпаққа қатысты алаңдататын мәселелерді байқаудың басты талабы деп анықтады. Конкурсқа Павлодар, Ақсу, Шарбақты, Ақтоғай, Ертіс, Қашыр, Ақсу ауданынан келген оқушылар бақтарын сынады. Жас режиссёрлер келесі жанрлар бойынша әр түрлі жұмыстарды дайындады: деректі және ойынды кино, STOP-MOTION-видео, әлеуметтік жарнама, анимация, видео-арт, музыкалық фильм. Байқау жұмыстары келесі өлшемдер бойынша бағаланады: идеяны, сюжетті нақты көрсетудің стандартты емес тәсілі, фильмнің дыбыстық рәсімделуі, баяндау сауаттылығы, идеяның, тақырыптың өзектілігі анықталды. Кейбір фильмдерде қатысушылар өздері режиссёрлер мен актёрлер болды. Олар өздерінің жұмыстарында балалардың өмірі және жастар мен ересектердің қызығушылықтары, олардың армандарын көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттап, мейірімділік пен қайырымдылықты сөз етіп, болашаққа көз жүгіртіп, әлеуметтік мәселелерді шешудің жолдарын қарастырды. Конкурсқа 42 өтініш қабылданды. Конкурстың талаптарына сай финалға 25 жұмыс ұсынылып, қазылар алқасы ең үздік жұмыстарды таңдап алды.
|














