Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения17687243
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 13336 15684 98893 17356200 138722 468472 17687243 Ваш IP: 18.116.165.143
Время: 2025-05-11 22:46:21
|
Бірінші сынып оқушылары «Антарес» астроклубында қонақта болды
8 қыркүйек күні Павлодар қаласының №18 ЖОМ-нің 1 «Б» сынып оқушылары облыстық М.М.Катаев атындығы Оқушылар сарайының обсерваториясына барып, «Антарес» астроклубының жұмысымен танысты. Жас астрономшылар Әмір Қаратай, Алимжан Гумран, Сулейман Сарбупеев өздерінің қызықты сабақтары туралы баяндап, жұлдызды әлемді бақылайтын керемет құрылғыны көрсетті. Кобланды Еренғайып пен Ерназар Шүкенов астроклубта бірнеше жыл дәріс алып, болашақта өздерінің өмірлерін астрономия және космонавтика саласымен байланыстырғысы келеді. Олардың зерттеу жобалары Астана, Алматы, Новосібір, Мәскеу, Санкт-Петербург қаласында өткен халықаралық конкурстарда жоғары бағаланды. Кішкентай балдырғандар «Антарес» клубының тәрбиеленушілерін бар қызығушылықтарымен тыңдап, обсерваториядағы сәулелік телескопына қарап, планетарийде «Барлығы ғарыш туралы» атты фильмді тамашалады. Балалар викториналарға белсенді қатысып, сонымен қатар космонавтика жайлы кітаптарды сыйлыққа алды. Бірінші сыныптың кейбір оқушылары астрономиялық клубқа жазылды. - Бұндай кездесулер, біздің астроклубымызда жиі болады деп ойлаймын. Жаңадан біздің сабаққа келген жас астрономшылар планетаның қозғалысын, ғарыштық құбылыстардың ғылыми ізденістерімен айналысып, халықаралық және республикалық жобаларға қатысады, – деді «Антарес» астроклубының жетекшісі Гүлнәр Баубекова. |