Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения17691391
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 3092 14392 3092 17432108 142870 468472 17691391 Ваш IP: 13.58.187.29
Время: 2025-05-12 02:28:20
|
Кино деп, осыны айт!
26 сәуір күні «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық кезеңінің марапаттау рәсімі өтті. Аталмыш мерекені Облыстық Білім беру басқармасы және М.М.Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайы ұйымдастырды. Конкурсқа облысымыздың мектеп, лицей және колледждерінен 44 оқушы қатысты. Қазылар алқасы деректі фильм, ойынды кино, STOP-MOTION-бейне, әлеуметтік жарнама және әлеуметтік ролик, анимация, бейне-арт және музыкалық фильм, киножурнал, ералаш. номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтап алды. Фильмнің дыбыстық ресімделуі, шығармашылық тәсілі, баяндау сауаттылығы, дыбысталуы, сюжеттік линияны сақтау бағалаудың басты шарты болды. Балалар өздерінің фильмдерінде өз өмірлері және жұмыс жайлы, балалар мен ересектердің қызығушылықтары, олардың армандары туралы баяндады. Оқушылар қоршаған орта экологиясы және оны қорғау, отансүйгіштік қасиеттерді таныту және әлеуметтік мәселер және олардың шешу жолдарын бойынша тақырыптарды қозғады. Конкурстың қортындысы бойынша келесі конкурсанттар марапатталды. |