Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения18946717
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 6916 10367 46661 18635763 370285 307313 18946717 Ваш IP: 216.73.216.168
Время: 2025-08-28 16:44:36
|
Жас астрономдар онлайн форматта ғалыммен қызықты кездесу өткізді
2020 жылдың 4 желтоқсанында М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері ZOOM-платформасында физика-математика ғылымдарының кандидаты, В.Г.Фесенкова атындағы астрофизика институтының жұлдыздар мен тұмандықтар зертханасының аға ғылыми қызметкері Виталий Юрьевич Киммен кездесті. Виталий Юрьевич «Қазақстандағы астрономия: тарих және қазіргі заман» атты ақпараттық дәріс дайындады. Тәжірибеші ғалым Ассы-Түрген обсерваториясында зерттеу қызметімен айналысады. Виталий өзінің дәрісінде Қазақстандағы астрономияның дамуына тоқталып, біздің еліміздегі ең ірі обсерваториялардың бірінің қалыптасу кезеңдері туралы айтты, оның бастауында тұрған ғылымдар туралы әңгіме қозғады. Астроклубтың тәрбиеленушілері ғалымға өз сұрақтарын қойды. Виталий жас астрономдарға астрономияны әрі қарай зерттеуге кеңес беріп, сәттілік тіледі. |