Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12899174
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
20515
18906
77847
12623686
217627
375712
12899174

Ваш IP: 18.224.39.74
Время: 2024-04-27 20:14:53

Оқушылар сарайының астроклубы жаңа оқу жылына тәрбиеленушілерді қабылдайды

Астроклуб Дворца школьников открывает набор воспитанников Астроклуб Дворца школьников открывает набор воспитанников
Астроклуб Дворца школьников открывает набор воспитанников Астроклуб Дворца школьников открывает набор воспитанников

М.Катаев ат. Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубы жаңа оқу жылына оқушыларды қабылдауды бастады. Астроклуб осы жылдар ішінде  көптеген балалар өздерінің таланттары мен қабілеттерін ашты, ал кейбіреулері астрофизика мамандығын таңдап, сол арқылы болашақ аспан зерттеушілерінің қатарына қосылды.

Өткен оқу жылында астроклубқа көп жылдан бері жүрген екі түлек оқуларын аяқтады. Шукенов Ерназар – облыстық көпсалалы мектептің оқушысы, аталмыш мектепті физика пәнінен үздік бағамен, алғыс хатпен аяқтады. Ерназар Назарбаев университетінде оқуын жалғастырады. Мельниченко Богдан, Павлодар қаласы №1 ЖОМ-нің оқушысы, Санкт-Петербург қаласындағы мемлкеттік университеттің «Астрономия» пәні бойынша бюджет факультетіне оқуға қабылданды, бірақ өз елінің жоғары оқу орынын таңдау үстінде. Ерназар мен Богдан астроклубтың барлық іс-шараларының белсенді қатысушылары болды.  Астроклубтың оқушылары Хасенов Аспандяир, Сибилев Кирилл және Браун Илья маусым айында «Бөбек» орталығының Обсерваториясында жазғы мектептің оқуына қатысты. Жазғы мектепте еліміздің түкпір-түкпірінен келген 35 оқушы білім алды. Бұл сабақтарды ең үздің ғалым-астрофизиктер өткізген болатын. Жазғы мектептің соңында республиканың олимпиадалық резервін қалыптастыру бойынша іріктеу жұмыстары жүргізілді. Бұл іріктеуде ерекше көзге түскен Алматы қаласының НЗМ-нің лицей оқушлары, Петропавл қаласының «Самопознание» гимназия оқушылары және Павлодар қаласы «Антарес» астроклубының оқушысы Сибилев Кирилл.
-    Осыдан 8 жыл бұрын астроклуб ашылған кезде біз тек қана ғылыми-көпшілік лекциялармен шектеліп отыруға болар еді. Бірақ, біздің өңірімізде астроклубтың жұмысы тез дамып, үлкен сұранысқа ие болатынын ойламаған едік.  
Оқушылар сарайының қабырғасында астроклубтың обсерваториясы негізінде облыстық, республикалық, халықаралық іс-шараларға қатысу үшін құрама командалар жасақталған. Мұның барлығы дарынды оқушылардың әлеуетінің, ғылыми орталықтармен, ғалымдармен ынтымақтастығының, ата-аналармен қарым-қатынасының, басшылық пен әріптестердің қолдауының арқасы. Жетістікке ұмтылған жігіттер бізге мектептермен, лицейлермен бірігіп келеді, бұл өз нәтижесін беретіні сөзсіз, өйткені біз де әріптестеріміз сияқты болашақ ғалымдардың жетістігіне мүдделіміз, – дейді астроклуб жетекшісі Гүлнар Баубекова. Оқушылар сарайының сайтында астроклуб туралы барлық танымдық ақпарат пен клубқа жазылу туралы ақпарат бар. Сабақ тегін өткізіледі, 12-15 жас аралығындағы оқушылар қабылданады.

Добавить комментарий