Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12972515
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
220
6070
44496
12665085
25313
265655
12972515

Ваш IP: 3.21.158.148
Время: 2024-05-05 00:43:28

Гагарин оқуларының астроном-жеңімпаздары

Астрономы-победители Гагаринских чтений Астрономы-победители Гагаринских чтений
Астрономы-победители Гагаринских чтений Астрономы-победители Гагаринских чтений

М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында 7 сәуір күні Мәскеуде өткен  «Гагарин оқуларына» қатысушылары және  жеңімпаздары «Антарес» астроном клубының тәрбиеленушілерімен баспасөз-конференциясы өтті. Жеңімпаз-астрономдар жергілікті телеканал тілшілеріне Халықаралық жастар конференциясы жайлы, атақты ғарыш саласының адамдарымен кездесу туралы, жүлделі орындары жайлы айтып берді.

Астрономы-победители Гагаринских чтений Астрономы-победители Гагаринских чтений
Астрономы-победители Гагаринских чтений Астрономы-победители Гагаринских чтений

«XLII Гагарин оқулары» атты Халықаралық жастар ғылыми конференциясы 2016 жылдың 31 наурыз күні Мәскеу қаласында өтті. «Антарес» астрономия клубының жас тәрбиеленушілері және олардың ғылыми жетекшілері Гүлнар Баубекова, аталмыш іс-шарада, Қазақстан елін астрономия бірлестіктері атынан жалғыз өздері таныстырды. 42-ші Гагарин оқуларына Мәскеу және Мәскеу облысының Калуга, Иваново, Курск, Тула қалаларының оқу орындарынан 120 бала қатысты. Ресей Федерациясынан келген жас ғалымдар өз жетістіктерін көрсету үшін келген.

Павлодарлық «Антарес» клубының жас астрономы Еренғайып Қобланды «Жастар құрылымдық бюросының жұмыс жобасы» атты секциясында 2-ші орынға қол жеткізді. Ол «Ғарыш аппаратының жиналмалы моделі» атты баяндамасымен сөз сөйледі.

Ал, Мұңайтпасов Қажымұқан да «Антарес» клубының жас астрономы, ол «Физика және математика» секциясында «Электромагниттік тездеткіш» атты жұмысын қорғады. Оның жеңісі II - ші орын. Қазылар алқасы қазақстандық оқушылардың дайындығын жоғары бағалады.

Мәскеу авиация институты материалдар ғылым мен техника институтының директоры Александр Беспаловтың айтуынша, барлық жас талантты ғалымдар, конструкторлар мен инженерлер осы конференцияға қатысып, болашақ мамандықтарына жол ашып, табысты апарады, - деді.

Добавить комментарий