Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23331878
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 17258 15722 52663 22989335 223304 322822 23331878 Сіздің IP: 216.73.216.153
Уақыт: 2026-08-12 20:38:47
|
Жаз,би,теңіз!
М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының «Splash» заманауи би студиясының бишілері «Черноморский олимп» атты X-шы Халықаралық фестиваль-конкурсына қатысып, жеңімпаз атанды.
Сочи фестивалі маусым айында Дагомыс кешенінде өткен болатын. Павлодарлық бишілер фестивальге кіші, орта және жоғары топтардан бірнеше билерімен келген болатын. Кіші топ «Лягушата» және «Охотники за приведениями» атты билерді шебер орындап 1-ші жүлделі орынға ие болды. Орта топ «Толғау», «Пингвины», «Валенки» және «Спецназ» атты билермен өнер көрсетті.
8-10 жас аралық санатындағы оқушылар I және III дәрежелі дипломдарға ие болды. Контемпорари жанрында билеп, «Послание» биін сахынада көрсеткен Ангелина Доманская және Лиана Постырнак деген биші қыздар дуэетте билеп, 2-ші орынға қол жеткізді. «Splash» заманауи би студиясының жетекшісі Ирина Можейко сайыс қазылары және ұйымдастырушыларымен бірге, сайысқа қатысқан барлық қатысушылардың билерін талқылау үшін дөңгелек үстелге қатысты.
|














