Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17491844
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 2666 23967 124750 17154813 411795 426494 17491844 Сіздің IP: 3.133.131.110
Уақыт: 2025-04-26 07:38:47
|
Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз...
Тәуелсіздік күні мерекесін тойлау аясында желтоқсанның 14 жұлдызында М.М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының көркемөнер бөлімінің тәрбиеленушілері «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз...» атты мерекелік концерт өткізді. Мерекенің шымылдығын «Жас екпін» үлгілі домбыра ансамбілі «Көңіл ашар» күйімен ашты. Еліміздің бас мерекесіне арналған күні Оқушылар сарайының әншілері мен бишілері сахына төрінде бар өнерлерін салды. Атап айтатын болсақ, «Арман-шоу» театр студиясының әншілері «Астана», «Қазақ елі» деген әндерін орындаса, «Свет звезды» үлгілі ән театрының «АлемStar» тобы «Туған елім» әнің шырқап жұртшылықтың назарында болды. Сонымен қатар «Жас дәурен» вокал студиясы, «Айдарай» ән студиялары Отанымызға арналған патриоттық әндерді үздік орындады. «Блэйз» эстрадалық би студиясы және «Вдохновение» үлгілі би студиясының мың бұралған бишілері «Кең дала», «Той бастар» билерін тамаша биледі. Аталмыш іс-шараға Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің оқушылары, ұстаздары және Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері мен педагогтары қатысты. |