Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23036963
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3068 11064 3068 22805610 251211 270568 23036963 Сіздің IP: 216.73.216.228
Уақыт: 2026-07-27 06:41:42
|
Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері «Көрші» акциясының белсенді қатысушылары атанды
2019 жылдың 11 сәуір күні «Көрші» жобасын жүзеге асыру мақсатында М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері мерекелік бағдарлама өткізді.
Жобаның мақсаты қала тұрғындарын және көршілердің мейірімділік арақатынасын нығайту. Мектеп оқушылары мен мөлтекаудандардың тұрғындары үшін оқушылар сарайының көркемөнер бөлімінің домбыра, вокал, би ұжымдары сахынада өнер көрсетті. Мерекеге жиналған қонақтар қолданбалы-сән өнері бойынша шебер-сыныптарға қатысып, шиден ұлттық бұйымдар жасап, сурет салды. Сонымен қатар мерекелік аквагримм мен заманауи шаш үлгісін көрсеткен шеберлік сыныптар жиналған қауымның көңілнен шықты. Оқушылар «Рухани жаңғыру» зияткерлік ойыны бойынша жарыс ұйымдастырып, «Асыл мұра» викторинасында қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша білімдерін толықтырды. «Жас Ұлан» балалар ұйымының көшбасшылары қазақтың ұлттық ойындары бойынша жарыс өткізіп, ал мерекенің ең кішкентай қонақатары мультфильм кейіпкерлерімен кездесті. |














