Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17491845
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 2667 23967 124751 17154813 411796 426494 17491845 Сіздің IP: 3.133.131.110
Уақыт: 2025-04-26 07:39:17
|
«Мұрагер» домбыра ұжымы халықаралық конкурсында ең үздік деп танылды
Облыстық Оқушылар сарайының «Мұрагер» домбыра ұжымы «Ғаламшардың болашағы» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының ON-LINE байқауына қатысты. Конкурс Санкт-Петербург қаласында 2020 жылдың 3-23 маусымы аралығында өтті. Жас домбырашылар «Кеңес» және «Наркескен» халық күйлерінің виртуоздық өнерімен сүйсінтті. Қазылар алқасы мүшелері «Мұрагер» домбыра тобының тәрбиеленушілерін жоғары бағалады. Байқау нәтижесінде Ансамбль 9-11 жас санатында «Аспаптық орындаушылық» номинациясы бойынша 2-дәрежелі дипломмен марапатталды. «Аспаптық орындаушылық, Соло» номинациясы бойынша 6-8 жас аралығындағы Айым Сайтпеков 2-дәрежелі лауреат дипломымен марапатталды. Ұжым тәрбиеленушілері жетекшісі Алтын Кенжиханова мен концертмейстер Қуаныш Райымбековты құттықтаймыз. |