Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17490046
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 868 23967 122952 17154813 409997 426494 17490046 Сіздің IP: 13.59.235.245
Уақыт: 2025-04-26 04:28:50
|
Елену Вальконы марапатымен құттықтаймыз!
Тәуелсіздік күні қарсаңында М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогы Елена Валько «Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» атты марапатына ие болды. Елена Михайловна көптеген жылдар бойы «Свет звезды» үлгілі ән театрының басқарып келеді. Бұл ән ұжымы тек қана Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал. Ән театрының солистері бірнеше рет Ресей, Украина, Грузия, Латвия, Чехия, Болгария, Македония, Мальта, АҚШ, Италия, Грецияда өткен халықаралық байқаулардың лауреаты атанды. Елена Вальконың «Қосымша білім беру жағдайында балалар музыкалық ұжымының қызметін ұйымдастыру» авторлық бағдарламасы - бұл шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу, жас орындаушылардың кәсіби қасиеттерін қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің рухани-адамгершілік негіздерін қалыптастыру. «Свет звезды» үлгілі ән театрының ұстазы жұмыс істеген жылдары көптеген атақты әртістерді тәрбиелеп шығарды, олардың көпшілігі өзінің шығармашылық қызметін қазақ сахнасында жалғастыруда. |