Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23330105
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 15485 15722 50890 22989335 221531 322822 23330105 Сіздің IP: 216.73.216.153
Уақыт: 2026-08-12 18:39:04
|
Хормейстер-педагогтарға арналған облыстық оқу семинары
2014 жылғы 24 қантарында М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Вокалдық өнердің тәсілдері арқылы шығармашылық оқушы тұлғасын қалыптастыру» тақырыбы бойынша хормейстер-педагогтарға арналған облыстық оқу семинары өткізілді.
Семинарға облыстан (Лебяжі, Ертіс аудандарынан басқа) барлығы 36 адам қатысты, олардың ішінде: қосымша білім беруші педагогтар, музыка пәні мұғалімдері. Семинарды оқушылар сарайының вокалдық ұжымдарының жетекшілері, жоғары санатты педагогтар Атлан Т.И, Валько Е.М., Луб Е.П, Лютровник Э.Т, Ногаева Б.К. өткізді. Ұсынылған тақырыптар «Өз даусыңды, өз әніңді табу», «Вокалдық шеберліктің негізгі қағидалары және олардың практикалық маңызы», «Жас ерекшеліктерді ескеріп өзіндік репертуар құру» және «Вокалдық ұжымдарына конкурстық репертуарды таңдау критерийлері». Семинар қатысушылары іс-шараны өте жоғары бағалады. Сауалнама қорытындысы бойынша 13,8% жақсы деңгейде, 86,2% қатысушы жоғары деңгейде бағалады. |














