Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

21640407
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
6055
9406
45622
21358977
135579
430355
21640407

Сіздің IP: 216.73.216.14
Уақыт: 2026-03-13 12:17:15

«Жас екпiн», сені құттықтаймыз!

Поздравляем «Жас екпiн»! Поздравляем «Жас екпiн»!

Наурыз айынын 25-28 аралығында Ұлы Отан  соғысының 70-жылдығын тойлау шеңберінде  Астанада  «Аққөгершiн» балалар шығармашылығының  IХ  Халықаралық фестиваль-конкурсы өтті. Сайысқа әртүрлі конкурстар мен фестивальдердің жеңімпаздары атанған ең үздік балалар ұжымдары мен ансамбльдері, оркестрлері және әншілері шақырылды.

Конкурс келесі номинациялар бойынша өтті: вокал, ұлттық аспаптар, аспаптық орындау, хореография, балалар сәні, өзіндік жанр және көркем оқу. Осы сайысқа «Жас екпін» домбыра оркестрінің жас орындаушысы 16 жасар Дарига Рамазан қатысты. Дариға конкурсқа екі музыкалық шығарма дайындады, олар: Тәттімбеттің «Айдос» және Дина Нүрпейсованың «Науаи» деген күйлері.

«Ұлттық аспаптар» номинациясы бойынша Дариға төртінші орынға иеленіп, ал оның ұстазы «Жас екпін» домбыра оркестрінің жетекшісі - Мади Батырханұлы Кенжеханов конкурс қатысушысын дайындағаны үшін дипломмен марапатталды.

Қатысушылар үшін келесі экскурсиялар ұйымдастырылды: «Астана – Қазақстанның жүрегі», «Астана – үшінші мыңжылдықтың қаласы», «Астана Еуразия оралығының рухы», «Елдің атақты батырлары», «АЛЖИР – біздің ескерткішіміз бен қасіретіміз», «Құстар әлемінде».

Түсініктемелер қосу