Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар19895564 
	Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда  Өткен айда Барлық күндер 		5971 10747 16718 19628472 44603 494996 19895564 		Сіздің IP: 216.73.216.23 
	Уақыт: 2025-11-04 14:15:48 
 |              
            
            
            Сыйлыққа концерт
 М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күнің би және әнмен тойлады. 26 қараша күні Сарайдың үлкен залында Павлодар қаласының мектептерінің оқушылары қатысқан «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мерекелік концерт өтті. Бұл концерттің тұсауын «Жасекпін» домбра оркестрі «Көңіл ашар» күйімен ашты. Жүргізушілер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атына жолданған құттықтаулар мен алғыс сөздерді оқып, Елбасының отбасы және өмір жолы туралы, Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанның жетістіктері жайлы айтты. Көрермендер Нұрсұлан Назарбаевтың кітаптарын естеріңе түсіріп, жүргізушілер дайындаған викториналар сұрақтарына жауап берді. «Жас дәурен» вокал студиясының «Жаңа әуен» тобының орындауында «Елбасы» әні шырқалды. «Жаңа ұрпақ», «Сәлем Қазақстан» әндерін «Музыкальный квартал» вокалдық ән эстрадалық тобы және «Асықпа» тобының әншісі Алина Кульбаева орындады. Осы мерекедегі «Қазақ елі», «Толғау», «Алатау», «Тек алға» деп аталатын әрбір ән Қазақстан тақырыбына арналды. Көрермендерге «Нәзік ару», «Көңіл күй», «Қазақ валсі» - атты би композицияларын «Вдохновение» би ансамбілі, «Анастасия» би-спорттық клубы сыйлады. Концертке келген қонақтар ән мен би қойылымдарын тамашалады. Мерекелік концерттін  соныңда жүргізушілер былай деді:  
  | 
            
                        
            














