Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

21637225
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2873
9406
42440
21358977
132397
430355
21637225

Сіздің IP: 216.73.216.114
Уақыт: 2026-03-13 06:41:53

Петропавл қаласынан Блэкпул жеріне

В Блэкпул через Петропавловск В Блэкпул через Петропавловск

Анастасия Загорулько мен Даниил Макаров Петропавл қаласында өткен Қазақстанның спорттық-балдық би чемпионатында I-ші орынға ие болды.

Орындаудың бағдарламасына Ча-ча-ча, Самба, Румба, Джайв, Пасадобль билері енді. Қазақстанның спорттық биден 4-ші дүркін чемпионы Павлодарлық Анастасия Загорулько мен Қазақстанның спорттық биден 7-ші дүркін чемпионы Астаналық Даниил Макаров жұптасып өнер көрсетті. Олар бидің ағылшын мектебін ұсынды. Қазылар алқасы би серіктестерінің шеберлігін жоғары бағалады. Сол себепті бишілер Англия елінде Блэкпулде өтетін балдық биден әлемдік турнирге дайындалады.

Анастасия мен Даниил 2 жыл жұп болып билейді, ал бұл турнир оларға үшінші халықаралық байқау болды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай  2015 жылдың 12-13 желтоқсан аралығында Петропавл қаласында «KAZAKHSTANOPENCUP – 2015» атты спорттық балдық биден 15-ші Халықаралық турнир-фестивалі өтті.

В Блэкпул через Петропавловск В Блэкпул через Петропавловск

Турнирдің ұйымдастырушылары Қазақстанның Ұлттық би кеңесі, Ұлттық би спортының одағы, Солтүстік-Қазақстан облысы денешынықтыру және спорт басқармасы, «Александра» спорттық-би шеберлігінің мектебі болды.

Фестивальге Қазақстан және Ресей қалаларынан келген бишілер жиналды. Санкт-Петербург қаласы би Одағының президенті, спорттық-балдық биден Әлем чемпионы Андрей Бущик турнирдің қатысушыларына «Латиноамерикан бағдарламасының жаңалығы» атты шеберлік-сабақ жүргізді.

Түсініктемелер қосу