Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22798885
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5584 7549 30078 22542439 13133 270568 22798885 Сіздің IP: 216.73.216.32
Уақыт: 2026-07-02 16:08:24
|
Үйірмеге жазылу басталды
М.М.Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайы Павлодар қаласының мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі жастағы кішкентай бүлдіршіндерді қосымша білім алуға шақырады. Оқушылар сарайында эстетика, көркемөнер, білім және ғылым, әдістемелік бөлім, балалардың қозғалысын дамыту бөлімдері қызмет жасайды. Сонымен қатар кішкентай бүлдіршіндерді мектепке дайындау үшін «Білімпаз» эстетикалық тәрбие беру студиясы қарсы алады. Құрметті балалар, егер сендер ғылыми жұмыс жазу, астрономия әлеміне саяхат, зәулім планетарияда фильмдерді тамашалап, сәулелі телескоптармен аспан денелерін бақылау, робототехникамен шұғылданып, фильмдер түсіру, тамаша киімдер тігу, жақсы картиналар салу, ән айтып, мың бұралып би билеу, қазақ және ағылшын тілдерін үйрену, шаштараздық өнерге үйрену, газет және радио жұмыстарымен айналысу, ал ең бастысы – уақытты қызықты өткізетін достар табамын десеңіздер, Оқушылар сарайына асығыңыздар! Студия, үйірме, клубтарға жазыламын десеңіздер Оқушылар сарайының бірінші қабатында ақпарат алуға болады. Мекен жайымыз: 1 Май көшесі 27, телефон 32-85- 02.
|














