Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

17529903
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
3757
13704
17461
17210852
449854
426494
17529903

Сіздің IP: 3.144.134.101
Уақыт: 2025-04-29 08:05:09

Май ауданының Жас Ұландары үшін өткізілген бір күндік семинар

Май ауданының Жас Ұландары үшін өткізілген бір күндік семинар  Май ауданының Жас Ұландары үшін өткізілген бір күндік семинар
Май ауданының Жас Ұландары үшін өткізілген бір күндік семинар  Май ауданының Жас Ұландары үшін өткізілген бір күндік семинар

2018 жылдың 14 ақпан күні «Жас Ұлан» ҚБЖБ штабының әдіскерлері «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Балалар жасөспірімдер ұйымының қызмет тиімділігі» тақырыбы бойынша Май ауданына оқыту семинарымен барып қайтты. Аталмыш семинарға Май ауданының білім беру ұйымдарының әдіскерлері, аға тәлімгерлері қатысты.

«Жас Ұлан» ұйымының әдіскері Айжан Оразбаева «Адал ұрпақ» еріктілер қатарының жұмыс істеудің нормативтік-құқықтық базасы, формалары және әдістерімен таныстырды. «Жас Ұлан» ҚБЖБ штабының аймақтық хатшысы Бауыржан Сейталиев мектептегі өзін-өзін басқарудың заманауи және шығармашылық әдістері туралы, өзін-өзі басқаруын ұйымдастырудың құқықтық негізімен толық таныстырып шықты. Бұл күні жиналған ұстаздар қауымы «Жас Ұлан» ұйымының ресми символдары және атрибутикасымен толық танысып, тиісті ақпар алды. Ал 2-4 сыныптар арасындағы «Жас қыран» кіші буыны үшін әдіскер Базыл Утилов «Менің шаңырағым, менің отбасым», «Менің алғашқы ұстазым», «Ауылым – алтын бесігім» және т.б тәрбиелік жұмыстың жоспарын ұсынды.

Іс-шараның соныңда Май ауданының барлық мектептерінің ұланбасшылары «Жас Ұлан» ұйымының жұмыс нәтижелерін көрсетіп, семинар жайлы өз ойларын білдірді.

 

Түсініктемелер қосу