Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23413395
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3075 20616 3075 23122973 304821 322822 23413395 Сіздің IP: 216.73.217.112
Уақыт: 2026-08-17 03:52:08
|
Мамандықтың бәрі жақсы!
16 ақпан күні «Профи-TAIM» облыстық жобасының аясында «Мамандықтар жәрмеңкесі» атты іс-шара өтті. Ұйымдастырушысы - Оқушылар сарайының әдіскері Айжан Оразбаева. Аталмыш шараға қала және облыс оқушылары, Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжінің, мұнай және газ және Павлодар химия-механикалық колледжінің студенттері қатысты. Болашақ абитуриенттермен сұхбаттасу үшін тіс дәрігері, эколог, ағылшын тілінің ұстаздары келді. Оқушыларға колледжге түсер алдыңда құжаттарды түгендеу бойынша, қандай пәндер қабылдау керектігін, дұрыс кәсіпті қалай таңдауға болатыны туралы кең мағлұмат берілді. Жұмыспен қамту мәселелеріне баса назар аударылды. «Профи-TAIM» облыстық жобасының аясында пікір-талас мектептері жоспарланып отыр. 15 наурыз күні «Болашақ мамандықтың порттері» атты пікір талас сағаты өтеді. |














