Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения17525535
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 13093 12894 13093 17210852 445486 426494 17525535 Ваш IP: 3.147.77.120
Время: 2025-04-28 22:30:39
|
«Тілші болғым келеді» медиа форумы. Астана
8-10 қазан аралығында Астана қаласында Республикалық «Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен «Тілші болғым келеді» жас тілшілердің республикалық медиа-форумы болды. Оған Павлодар қаласы Оқушылар сарайы «Қаламгер» үйірмесінен Өсербай Еркебұлан мен Гүлназ Құлмағанбетова және Детский пресс-центрдан Сабина Рахимбай мен Мария Шорина және Екібастұз қаласы №1 мектептен Айжан Темирбекова қатысты. Форумның негізгі іс-шараларының барлығы «Қазмедиаорталықта» өткізілді. Шебер-сыныптарды жүргізген: «Ұлан» газетінің тілшісі Қарлығаш Досанова, журналистӘбілдаева Айсәуле, тележүргізуші РахатЖақсыбай.Бұдан басқа тележүргізуші Жасын Қанбаев және Бақтияр Арынгазиновпен формалды емес кездесу жасалып, танымал тележүргізуші Мейіржан Әлібекпен пресс-конференция ұйымдастырылды. Медиа-форумның қорытындысы болған салтанатты жиында «Алтын қалам» республикалық сайысының қорытындысы шығарылды. Онда біздің делегациядан Өсербай Еркебұлан «Үздік радиобағдарлама» номинациясы бойынша, ал Мария Шорина «Үздік мақала» номинациясы бойыншажеңімпазатанып, диплом және қымбат сыйлықтармен марапатталды. |