Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18026430
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 4072 17957 33371 17739482 137868 340041 18026430 Сіздің IP: 216.73.216.228
Уақыт: 2025-06-11 03:16:02
|
Оқушылар сарайының әдіскерлері облыстық вебинар өткізді
2018 жылдың 12 желтоқсан күні Оқушылар сарайының әдіскерлерінің ұйымдастыруымен дарынды балаларға арналған көпсалалы лицей-интернатында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жалпы орта және кәсіптік білім беру мекемелерінде өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруді жандандыру» тақырыбында облыстық вебинар өткізілді. Вебинарға Павлодар және Ақсу қалалары, Баянауыл, Железин, Май, Тереңкөл, Шарбақты және Успен қалаларының мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі 36 орынбасарлары қатысты. Онлайн-кездесудің спикері – әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Бағлан Ашенова – вебинардың тақырыбымен таныстырып, «Менің туым», «Шанырак», «ЭКОboom», «Familyday», «Адал friends» облыстық жобаларының үйлестірушілерімен таныстырып өтті. Оқушылар сарайының әдіскерлері жобаларды іске асыру барысы туралы айтып, вебинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. |