Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения20821554
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 10185 18387 10185 20557598 155278 433954 20821554 Ваш IP: 216.73.216.59
Время: 2026-01-12 13:48:08
|
Оқушылар сарайында «Жайдарлы Жас Ұлан» облыстық ойыны өтті
2022 жылдың 15 ақпан күні М.М.Катаев ат. Оқушылар сарайында «Жайдарлы Жас Ұлан» зияткерлік конкурстың облыстық финалы өтті. Сайыстың басты мақсаты: Жасұландықтарды ойын арқылы зияткерлік білімге тарту, қатысушылардың адамгершілік, рухани және мәдени құндылықтарын қалыптасыру, эстетикалық, көркемдік талғамын дамыту, мектеп оқушылары арасында КВН қозғалысын насихаттау.
Конкурс екі кезеңді қамтыды. Конкурстың іріктеу кезеңінде Аққулы, Баянауыл, Ақтоғай, Железин, Ертіс және Павлодар ауданынан, Павлодар, Ақсу, Екібастұз қаласынан 13 команда қатысты. Финалға 7 команда өтті. Конкурстың финалында командалар үй жұмысын және музыкалық-көркем қойылым көрсетті. Ертіс ауданының «Село, которого нет» командасы Бас жүлде және кубокқа ие болды.
|














