Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар19179196
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 17576 15574 33150 18906466 202191 400573 19179196 Сіздің IP: 216.73.216.187
Уақыт: 2025-09-16 23:40:17
|
«Педагогикалық идеялар» байқауының қорытындысы
2024 жылдың қаңтар айынан бастап наурызға дейін М.Катаев ат. Оқушылар сарайында Павлодар облысының жалпы орта және қосымша білім беру педагогтарының «Педагогикалық идеялар» облыстық байқауы өткізілді. Конкурс жалпы орта және қосымша білім беру қызметкерлерінің озық педагогикалық идеяларын, қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен әдістемелерін пайдалану жөніндегі тиімді практикаларды ұсыну және тарату нысандарының бірі болып табылады. Келіп түскен материалдарға бағалау жүргізу мақсатында сараптамалық кеңес құрылды, ол басқа білім беру ұйымдарынан тартылған білікті мамандардан құралды: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Павлодар облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтыны» әдіскері Қасанбекова Диана Бейсенбекқызы; философия ғылымдарының кандидаты (PhD), А.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры - Аспанова Гүлмира Рамазанқызы; педагогика ғылымдарының кандидаты, А.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті педагогика жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры - Боталова Ольга Борисовна; Павлодар облысының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының» КММ әдіскері - Сүлейман Роза Темірғалиқызы.
|