Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

17490073
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
895
23967
122979
17154813
410024
426494
17490073

Сіздің IP: 3.145.158.23
Уақыт: 2025-04-26 04:34:41

"Тәрбие жұмысының үздік тәжірибелерінің панорамасы" байқауы

Конкурс "Панорама лучших практик воспитательной работы" Конкурс "Панорама лучших практик воспитательной работы"
Конкурс "Панорама лучших практик воспитательной работы" Конкурс "Панорама лучших практик воспитательной работы"

Оқушылар сарайында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Тәрбие жұмысының үздік тәжірибелері панорамасы” атты конкурсы өтті.

Конкурс "Панорама лучших практик воспитательной работы" Конкурс "Панорама лучших практик воспитательной работы" 

Конкурс "Панорама лучших практик воспитательной работы" Конкурс "Панорама лучших практик воспитательной работы"

Бұл маңызды шараға 5 жылдан астам тәжірибесі бар, қалалық және аудандық кезеңдерден сәтті өткен үздік тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары қатысты.
Конкурс білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының сапасын жетілдірудің жаңа жолдарын іздеу, озық педагогикалық тәжірибелерді көрсету және тәжірибе алмасу үшін маңызды алаңға айналды.
Барлық қатысушылар жоғары деңгейде кәсібилік көрсетті, өздерінің бірегей әрі тиімді тәрбие әдістемелерін ұсынды. Қазылар алқасы ұсынылған жұмыстардың өзектілігі мен шығармашылығын атап өтті.
Жеңімпаздар төмендегі номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды.
“Сабақтан тыс қызмет номинацияда” қатысушылар клубтар мен үйірмелер арқылы оқушыларды дамытуға бағытталған өздерінің концепциялары, әдістемелері мен тәсілдерін ұсынды.
1 орын — Скворчевская Елена Арнольдовна (Павлодар қаласындағы №33 орта мектеп)
2 орын — Жакупова Еркегуль Шахмановна (Песчан орта мектебі, Тереңкөл ауданы)
3 орын — Баймуратова Гульнур Алпысбаевна (Жаңа-Калин орта мектебі, Павлодар ауданы)
“Ата-аналармен жұмыс” номинациясы. Конкурстың негізгі тақырыптарының бірі — мектеп пен отбасының тиімді ынтымақтастығы болды. Қатысушылар баланың гармониялық дамуына бағытталған ата-аналармен серіктестік модельдерін ұсынды.
1 орын — Коммунист Меруерт (Абай атындағы орта мектеп, Екібастұз қаласы)
2 орын — Удовиченко Алена Игоревна (Жаңабет орта мектебі, Тереңкөл ауданы)
3 орын — Лебедь Елена Валерьевна ( №2 Негізгі орта мектеп,  Шарбақты ауданы)
“Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу”. Бұл номинацияда қатысушылар оқушылар арасында мінез-құлықтың алдын алу және қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыруға бағытталған инновациялық тәсілдер ұсынды.
3 орын — Сердалина Жанар Тулегеновна ( №5 орта мектеп, Павлодар қаласы)
“Тәрбие жұмысының ең үздік тәрбие жұмысы” номинациясы.
Қатысушылар бұл номинацияда оқушылар, ата-аналар және педагогтермен жұмыс жасауды қамтитын кешенді тәрбие әдістемелерін ұсынды.
1 орын — Кожимова Жадыра Исатаевна (Мичурин орта мектебі, Павлодар ауданы)
2 орын — Рахимжанова Раушан Мухаметкалиевна (№9 орта мектеп, Екібастұз қаласы)
3 орын — Бораншы Сәулегүл (Үшқұлын орта мектебі, Баянауыл ауданы)
Оқушылар сарайының әдіскері Аксана Фрик атап өткендей, конкурс ұстаздар үшін тәрбие жұмысын жетілдіруге ұмтылу мен кәсіби тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар болашақтағы жұмыстарына шабыттарын арттырды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға тәрбие жүйесін дамытуға қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз!

 

Түсініктемелер қосу